Осы заң жобасын жұмыс тобында жан-жақты қарап, толықтырулар енгізген Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті өз қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң жобасының негізгі мақсаты «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдеріне сәйкестендіру, сондай-ақ құқықтық ақтаңдақтардың орнын толтыру болып табылады.
Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға кері әсерін тигізбейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейді.
Қорытынды салыстырма кестеге Мәжіліс депутаттары енгізген 14 түзету енгізіліп отыр. Түзетулердің барлығы жұмыс тобында және комитет отырысында қабылданған.
Бұл заң жобасын ертең, қарашаның 11-і күні, Мәжіліс депутаттары талқыға салады.