Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында айтты.
«Жыл басынан бері 308 млрд теңгеге 368 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Тағы 40 нысан сатылуға қойылды», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен бірге, Қаржы министрінің айтуынша, 61 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 206 нысан сату алдындағы дайындықта тұр.
Бұған дейін Е. Жамаубаев мемлекеттік аудиттің 3 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықты анықтағанын айтқан еді.
Еске сала кетсек, қаңтар айында мемлекеттік бюджетке 1,5 трлн теңге түскен.
Бюджеттің 71 млрд теңгесі игерілмей қалған.