деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты- мемлекеттік мүлікке мемлекеттік құқықты жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қатынастарды реттейтін құқықтық негіздерді, принциптер мен ережелерді бекіту жолымен мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнаманы, сондай-ақ оның тиімді пайдалануын бақылау жөніндегі қатынастарды жетілдіру болып табылады.
Заң жобасы мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акцияларды және жарғылық капиталдағы үлесті, мемлекеттің ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен стратегиялық объектілерге ықпалының аясын айқындайды.
Заң жобасын жұмыс тобында талқылау барысында депутаттардан 500-ден астам түзетулер келіп түскен. Комитет түзген қорытынды салыстырма кестеге 523 түзету енгізілген.