«Мемлекеттік мүлік туралы» заң жобасы таныстырылады

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік мүлік туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік мүлікке мемлекеттік құқықты жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қатынастарды реттейтін құқықтық негіздерді, принциптер мен ережелерді бекіту жолымен мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнаманы, сондай-ақ оның тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі қатынастарды жетілдіру болып табылады.Аталған заң жобасымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының мақсаты да таныстырылады. Заң жобаларының таныстырылымын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.