БАҚ өкілдерінің алдында баяндама жасаған вице-министр 2021 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қатысты жұмыстардың қортындысына тоқталды.
«Жоғарғы Соттың мәліметтеріне сәйкес, әкімшілік әділеттің жаңа форматының бірінші жылында аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 4 474 іс бойынша толық немесе ішінара қанағаттандырылды (52%), ал 4 085 іс немесе 48% қанағаттандырудан бас тартылды.
Өздеріңіз білетіндей, кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарда азаматтармен және заңды тұлғалармен дауларда ұтылған істердің мұндай сыни көрсеткіштері болмаған. Мысалы, бұрын мемлекеттік органдар азаматтық істердің 85%-ға жуығын жеңіп алған», - деді Алма Мұқанова