Мемлекеттік органдар 2010 жылдың мемлекеттік тапсырысын ұсынады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Желтоқсанның 7-8 күндері Алматы әкімдігінде «Мемлекеттік тапсырыс - 2010» жобасына арналған іс-шара өтеді,

          деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

           Шара аясында Алматы қаласы әкімдігінің жүйелік құрылымдары өздерінің келер жылға арналған мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарларын ұсынады, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың 2010 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарлары да ұсынылады.