Мемлекеттік органдар еліміздегі заңдарға құқықтық мониторинг жүргізіп отыратын болды - Әділет министрлігі

None
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекеттік органдар енді еліміздегі заңдарға құқықтық мониторинг жүргізіп отырады.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет айтті.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік «нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг» деген түсінік енгізді. Оған сәйкес, мемлекеттік органдар осы мониторингті жүзеге асырулары тиіс және ол үшін тиісті жауапкершілік те қарастырылған. Осы мониторинг енді заңдарға да жүргізілетін болды. «Мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері мұндай мониторингті жүргізбеген жағдайда әділет органдарының ұсынысымен тәртіптік жауапқа тартылады. Құқықтық мониторинг ұзақ жылдардан бері қалыптасып қалған құқықтық нормалардың заңға сәйкес келмей қалу жағдайларын реттеуге мүмкіндік береді», - деді ресми өкіл.