Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев айтты.
«Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекет пен діни бірлестіктер арасында тиімді диалог қалыптасқан. Ол біріншіден, діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауға негізделген. Екіншіден, заң алдында барлық конфессия өкілдері тең», - деді ол.
Бұл ретте Б.Майлыбаев қазіргі уақытта әлемді қоғамды тұрақсыздандыруға жиі қолданылатын ғибадаттық келіспеушілік орын алып отырғандығын әрі бұған жол бермеу керектігін баса айтты. Сонымен қатар ол дін істері агенттігінің назарын мұндай алауыздықтарға жол бермеу керектігіне аудартты.
«Үшіншіден, конфессиялық алаңды нығайту жауапкершілігі жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Олар діни бірлестіктермен тікелей жұмыс істейді. Төртіншіден, дін - бұл халықаралық қарым-қатынастың ажырамас бөлігі және толеранттылықты нығайтудағы біздің еліміздің саясатын түсіндіруде ҚР СІМ маңызды рөлге ие. Мемлекеттік органдар мемлекет пен конфессиялар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды дамыту үшін қажетті барлық шаралары қабылдауы қажет», - деді Б.Майлыбаев.