Дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жоспарланып отыр.
Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова жетекшілік етеді.
Заң жобасының ережелерін талқылау үшін дөңгелек үстелге заң жобасын әзірлеушілер шақырылған.