тауар, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық үлес 89 418,9 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Pm.kz. сайты үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
«Тауарларды мемлекеттік сатып алу 82 464,5 млн. теңгені, соның ішінде отандық тауар 33 269,1 млн. теңгені құрады, бұл сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінен 40,3 пайыз қазақстандық үлесті құрайды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстандық үлесті дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін тұрақты дамыту, сондай-ақ оларды ішкі нарыққа шығару үшін жағдай жасау көзделген.