Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары: «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» ауысу

None
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 2-сінде өткен Үкімет отырысында 2008 жылдың қорытындысы қаралып, 2009 жылдың міндеттері айқындалғанын бұрын хабарлаған болатынбыз.
Ағымдағы жылы бізді не күтіп тұр? ҚазАқпарат осы тақырып бойынша ақпараттық-анықтамалық материал таратады. 2009 жылдың ерекшелігі 2009 жылдың басы елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның кезекті кезеңінің басталуымен мазмұндалды. Қазақстандағы қолданыстағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталып отыр. Қысқамерзімдік бюджеттік жоспарлаудан ортамерзімдік жоспарлауға ауысу қамтамасыз етілді, бюджеттік процесс бюджет қаражатын анық бөлуге және оларды мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес барынша тиімді басқаруға бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметтердің сапасын, бағдарламалық құжаттардың жүзеге асыру нәтижелерін талдауға бағытталған мемлекеттік орган қызметтерінің тиімділігін кешенді бағалау енгізіліп отыр. Бұл қадамдардың басты мақсаты ? стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқарудың толымды және оңтайлы жүйесін қалыптастыру. Әкімшілік реформаның аталмыш кезеңінің аясында: - Нақты нәтижеге бағытталған бюджет пен мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары қабылданды; - жаңа Бюджеттік кодекс қабылданды; - мемлекеттік органдардың үшжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарлары қабылданды; -нәтижеге бағытталған бюджеттеу жүйесі енгізілді; - Үкімет басшысы мен орталық мемлекеттік орган басшыларының арасында Стратегиялық жоспарда қойылған міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік орган басшылығының ниеттерін қуаттайтын меморандумдарға қол қойылды; - жоғарыда аталған құжаттардың негізінде 2009-2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджет алғаш рет қабылданды, бұл бастама белгіленген аяда оңтайлы қозғалуға мүмкіндік береді және экономикадағы жағдайдың өзгеруіне және қабылданған шұғыл шешімдерге дер кезінде үн қату үшін белгілі бір маневрлік жағдай береді. Бюджеттік кодекс мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің жаңа жолдарын заңнамалық бекіту үшін әзірленіп отыр. Оның негізгі идеясы ? мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттау. Мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бюджетті атқару барысында мемлекеттік органдар мониторингтер негізінде талдап жасалған және Стратегиялық жоспарларда бекітілген өз міндеттемелерінің орындалу деңгейін қадағалап отырады. 2009 жыл - мемлекеттік органдар негізге алып жұмыс істейтін стратегиялық жоспарлар жүзеге асырылып отырған бірінші жыл. Стратегиялық жоспарлар мемлекеттік органдарға бөлінетін бюджет қаражаттарымен өзара байланысты және «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» ауысуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды ықпалдастырудың негізгі тетігі ретінде қызмет етеді. Бюджеттің атқарылуын бақылау кезеңінде мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелеріне қол жеткізуді бақылауға және бюджет қаражатының оңтайлы жұмсалуын бағалауға маңызды роль беріліп отыр. Шешімдерді қабылдау үшін жауапкершілік бюджеттік қаражатты алушы - мемлекеттік органдарға беріледі, бұл мәселе Үкімет пен Стратегиялық жоспарда қойылған міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік орган басшылығының ниеттерін қуаттаушы орталық мемлекеттік орган басшыларының арасында қол қойылған меморандуммен қуатталады.