«Іс жүзінде жыл сайын ағымдағы жылға арналған заң жобалау жұмыстарын қалыптастыру жоспарына қатысты проблема туындайды. өткен жылы осы жұмыстарға жүргізілген сараптама толықтай алғанда ағымдағы жылдың жоспары сапасыз екендігін көрсетті. Сондықтан да қазірдің өзінде таяуда ғана бекітілген жоспарға өзгертулер енгізілуде», - деді ол.
Вице-министрдің нақтылай түсуінше, мұндай жайттың басты себебі мемлекеттік органдар жұмысының баяулығы болып отыр. Ведомстволар келесі жылы қандай заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отырғандығы туралы ұсынысты дер уақытында енгізбейді. Бұған қоса мемлекеттік органдар мемлекеттік кірістің қысқаруына не болмаса артуына түрткі болатын заң жобасы бойныша республикалық бюджеттік комиссияға қорытынды да ұсынбайды.
«Үшінші себеп - Қазақстан Президентінің жылсайынғы Жолдауындағы тапсырмаларда, Конституциялық кеңестік нормативтік қаулыларында, Үкімет бекіткен мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларда және басқа да ұйымдастыру құжаттарында көзделген жобалардың заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына қосу туралы ақпараттың болмауы», - деді З.Баймолдина.