Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Алдан Смайыл осындай пікір білдірді.
Тоқтала кететін жайт, заң жобасында қарастырылған мемлекеттік рәміздердің дайындалуын лицензиялауды жою туралы Үкіметтің ұсынысын депутаттар қолдамаған болатын. Осы мәселеге түсінік бере келе депутат Алдан Смайыл мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба халықтың ары, намысы екендігін айтып, сол үшін мұндай киені дайындау, пайдалану және қорғау тұтастай ұлттық мәселе болып табылатынын жеткізді.
«Сондықтан да, біз «Ту мен Елтаңба тек лицензия арқылы ғана жасалуы тиіс» деген бапты дұрыс сақтап қалдық. Нарық бәрін бағындырмауы тиіс, нарықты өзіне бағындыратын құндылықтар да бар. Бұлар: Ту, Елтаңба мен Әнұран һәм солардың мәні мен мазмұнына айналған ұлттық сезім, ұлтық мұрат пен ұлттық қадір-қасиет. Сондықтан да, заң жобасын бірауыздан мақұлдауымыз керек», - дейді депутат Алдан Смайыл.