Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. 25 жыл: тарих пен қолдану тәжірибесі» атты ғылыми,практикалық конференцияда Астана қаласы ішкі саясат басқарамасының басшысы Ерлан Қаналимов мәлім етті.
«Мемлекеттік символдарға деген құрмет пен ұқыптылық отбасыдан басталуы тиіс. Бұл жас буынның мәдени, рухани және адамгершілік тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Әрбір азамат мемлекеттік символдарды сыйлаған кезде ғана өз елінің шын патриоты болып қалыптасады. Мемлекеттік символдарға көрсетілген құрмет арқылы біз өзіміздің бірлігімізді және ауызбіршілігімізді көрсетеміз. Бұл біздің заман ағымынан қалыс қалмауымызға септігін тигізеді», - деді Ерлан Қаналимов.
Сонымен қатар ол үлгі ретінде Президенттің сөздерін келтірді: «Ел азаматтарының мемлекеттік символдарға деген қарым-қатынасы арқылы олар қаншалықты сол елдің азаматтары, патриаоттары ретінде сезінетіндіктерін, болашаққа деген сенімдерін оңай байқауға болады».
«Бізге халықаралық ареналарда еліміздің көк туы желбірегені, көк байрақтың астында әлемдік мемлекеттердің басшылары жиналғаны, маңызды шешімдерді қабылдап жатқаны ұнайды. Қысқа аралықта ондаған маңызды халықаралық форумдар мен жиындар өткен жас елордамыздың жетістігі куә», - деп атап өтті Ерлан Қаналимов.
Ол жиналған қауымды келе жатқан ҚР Мемлекеттік символдарының күнімен құттықтап, бірер күнде Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің басталатынын еске салды. Оған жалпы саны 2 миллионға жуық турист келмек.
«Бұл біз үшін үлкен сынақ және үлкен абырой», - деп түйді сөзін Ерлан Қаналимов.