Бүгін Алматыда "Кеден одағының шекараны ашуының ықпалы: оң және теріс ықпалдастық" деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір айтылды.
"Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қазір өз тауарларын тұтынушыға тікелей жеткізе алмай отыр. Нарықта алыпсатарлар үстемдік құруда. Ондағы бағаны реттеуде құзырлы органдар дәрменсіздік танытуда", - дейді "Қазақстан кеден декларанттары одағы" қауымдастығының президенті Нұрлан Бұршақбаев.
Н. Рафикұлының айтуынша, жергілікті атқару органдары өнім өндірушілерге нақты қолдау көрсетудің тетіктерін толық пайдалана алмай отыр. Қажетті инфрақұрылым болмағандықтан, тауардың өзіндік құны мен нарықтағы бағасының арасындағы алшақтық кемудің орнына уақыт өткен сайын ұлғая түсуде. Бұл мәселенің өз шешімін табуына құзырлы органдар жеткілікті деңгейде әлі көңіл бөлмей отыр. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылық қазір қолдан жасалуда.