«Мемлекеттік сатып алулар барысында бәсекелестікті айтарлықтай шектейтін жемқорлық тәуекелдердің бірі хабарландырудағы мәтінді кириллицадан латынға ауыстыру болып отыр. Мұндай қулық хабарландыруды әлеуетті жеткізушіден жасырып, аффилирленген компаниялар үшін басымдық жасауға мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның айтуынша, агенттік бөлімшесі мемлекеттік органдардың аталған сызбаның қолданылуына қатысты мониторинг жүргізген.
«Нәтижесінде 2017 жылдың ішінде мұндай 400-ден астам факті анықталды. Аталған мәселе төңірегінде қоғамдық резонанс тудыру бәсекеге шектеу қоюға жол бермеу үшін лайықты тетік болады деп ойлаймыз», - деді департамент басшысы.
Данияр Сабирбаевтың сөзіне қарағанда, мұндай қулыққа барған мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптің жауапкершілігі облыстардың әдеп кеңесінде және агенттіктің әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болады.