«Өткен жылы кеңесте мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралды. Онда бизнеске кері әсерін тигізетін жемқорлықтың жүйелі түрдегі алғышарттары белгіленді. Өкінішке қарай, заң бұзушылықтар әлі де жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 8 айында мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыстық құқық бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда, 2 есеге артқан, 2017 жылды толық алғанда бұндай көлемде құқықбұзушылық тіркелмеген», - деді Қайырбек Сүлейменов.
Атап айтсақ, 2017 жылы 61 адам, ал осы жылдың 8 айында 267 адам мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Қазіргі уақытта Парламентте мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлықты белгілі бір көлемде азайтуға бағытталған заң жобасы қаралуда», - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Атамекен» ҰКП кеңесінде еліміздегі 7 бірдей вакцина жеткізуші компанияның мәселесі қаралған болатын. Аталған отырыста мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар да сөз болды.