«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға түзету енгізіледі

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы бірлескен отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленген. Іскерлік белсенділікті ынталандыру және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау арқылы қосымша жұмыс орындарын құра отырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар кешені анықталған Жол картасында көзделген іс-шараларды дер кезеңінде орындау мақсаты көзделіп отыр.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ұсынылып отырған түзету дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, техникалық күрделі және қымбат тұратын сатып алу бойынша өнім берушіні ? жеңімпазды таңдау жөніндегі конкурс рәсімдерін жүргізген кезде, мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнама елу күнтізбелік күнге дейінгі мерзімді көздейді.Заңға осы түзетуді қабылдаған жағдайда, Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алу конкурс арқылы онбес күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде сатып алынатын болады. Осыған байланысты Заң жобасымен көзделген толықтырулар дағдарыс салдарларын жеңуді еңсеру шарасы болып табылады.