Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жоспарлаған мемлекеттік сатып алуда негізсіз бағаны өсіру фактілері көрініс тапқан.
Қабылданған ұсыныстардың қорытындысымен мониторинг нәтижесінде өңірдегі бірқатар мекемелерге жоспарланған соманы медиандық бағаға келтіріп, қайта енгізу тапсырылған.
Мәселен, Келес ауданының білім бөлімі мекемеге қажетті ВД-АК-111 маркалық бояу алу барысында 19 млн 610 мың теңге бюджет қаражаты үнемделген.
Сондай-ақ, Жетісай ауданының білім бөлімінде де компьютер сатып алу кезінде 6 млн 991 мың теңгені үнемдеп қалған.
Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жүйені қолдану арқылы бюджет қаражатын мақсатсыз шығындау деректерінің жолын кесіліп отыр.
Департамент қызметкерлері алдағы уақытта да бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермей, осы бағытта мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізбек.