Мемлекеттік сатып алу жүйесінде қандай өзгерістер болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік сатып алу жүйесі жетілдірілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттіксатып алу жүйесін жетілдіру - өнім берушілердің біліктілігін арттыруға, отандықтауар өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етугебағытталатын болады. Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру моделін енгізу,интернет -дүкендер арқылы сатып алу тәсілдерін енгізу және негіздемеліккелісімдерді қолдану пысықталуда», - деді ол Үкімет отырысында.

Оның атапөтуінше, бюджет процесінің ашықтығын арттыруға септігін тигізіп, сондай-ақ әрбір тұрғынға жергіліктібюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру үшін 2018 жылы Нұр-сұлтанқаласының «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «қатысу бюджеті» пилоттық жобасыненгізді. Азаматтар сомасы 500 млн теңге көлеміндегі бюджетті бөледі. Бұл қағидаттыАлматы қаласында да енгізу жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстың қорытындысыбойынша жергілікті деңгейде «халықтық қатысу бюджеттерін» енгізу бойыншаұсыныстар енгізілетін болады.

«Жалпы,жоғарыда көрсетілген шаралар бюджеттік жоспарлаудың сапасын жақсартуға,қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтуге және мемлекеттік қаржыныңтеңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар