Аталған заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру, оны Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес келтіру болып табылады.
Заң жобасының нормасы мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілерің және оны ұйымдастырушылардың қызметін оңайлатуға бағытталған. Құжат мемлекеттік сатып алу саласында бәсекені кеңейту және теріс пайдаланушылықты болдырмауға ықтимал ететін болады.
Бұдан бөлек, Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, құқық қолдану практикасын талдау нәтижелері мен құқықтық мониторинг қорытындылары электрондық мемлекеттік сатып алудың тиімділігін көрсеткен. Осы мәселе ескеріле отырып, заң жобасымен мемлекеттік сатып алудың тәсілдерін электрондық форматта жүргізу ұсынылады. Осы мақсатта Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы келісімге сәйкес келтіру үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәсілі - электрондық аукционның енгізілуіне байланысты туындаған аукцион, аукциондық комиссия, аукцион қадамы, аукциондық құжаттама және электрондық құжат сияқты жаңа ұғымдар енгізіледі.
Бұл ретте заң жобасы келісімде көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретіндегі электрондық аукционды 2012 жылдың 1 шлдесінен бастап енгізу көзделеді. Сонымен қатар, бұл тәсілмен жалпы жылдық сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 4 мың еселенген мөлшерінен асып түсетін тауарлар ғана сатып алынатын болады. Бұдан бөлек, құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында заң жобасымен электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімін қысқарту ұсынылады, атап айтқанда бұл мерзім 52 күннен 28 күнге дейін қысқартылады.