Мемлекеттік сатып алудағы заңсыздыққа - тосқауыл

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа заң жобасы осы саладағы проблемаларды шешуді көздейді.

Біздің ел экономикасының даму жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңдылық эконо­микалық қатынастарды реттеуде бірден-бір маңызды бағыт ретінде тұрақты жетілдіруді талап етеді. Елбасы мемлекеттік сатып алу саласының бюджетті тиімді толтыруда түйінді және тікелей ықпалы болатындығын бірнеше мәрте атап өткен болатын.

Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау коми­теті бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтарды сақтауды бақылауды жүзеге асыратын ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі болып табылады.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңды­лыққа соңғы өзгерістер енгізілгеннен кейін бұзушылық біршама кеміді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік сатып алудың тең жартысының электронды форматта жүргізілуіне байланысты, мұндай жағдай қызмет көрсету процедураларын едәуір қысқар­тып, процесті анағұрлым жарқын әрі жариялы етті және бюджеттік қаржының үнемін өсірді. Оның үстіне, 2014 жылы құжаттарды әзір­леуде тауар жеткізушілер үшін ескертпе жасау жөнінде бұрындары мүмкіндік беріп келген нормалар жойылды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықты қысқартуда сатып алу жөніндегі шешімді қабылдайтын әкімдер мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларының ат­қа­ратын рөлі зор. Қаржы бақылау инспекциясының тексеру қорытындысы көрсетіп отырғанындай, істің жәйі мәз емес. Ашығын айтсақ, мемлекеттік сатып алудың барлық сатысында заң бұзушы­лықтың бар екендігі белгілі болып отыр.

Жоспарлаудың сатысынан бастап, мемлекет­тік сатып алудың жылдық жоспарын бекітудің мерзімі мен оны веб-порталға орналастыру жәйі бұзылады. Бірқатар жағдайларда жылдық жоспарда сатып алу үшін бөлінген қаржылар бекітілген қаржыландыру сметасының жоспарына, табыстар мен шығындар немесе бизнес-жоспарға сәйкес келмейді. Мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде әлеуетті жеткізушіге заңдылықта қарастырылмаған талаптар сирек кездеседі.

Мемлекеттік сатып алу туралы беріліп отырылған бұл ақпаратта конкурстық және аук­циондық құжат­тарды әлеуетті жеткізушінің меншігіне жататын тауар­дың және қызмет көрсетудің белгісіне, фирмалық атауына, басқа да сипаттамаларына орай көрсетуге болады. Мұндай бекітілген талаптарға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушылар бәсекелестік ортаны тарылтып, әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік принциптерін өздері бұзуға мәжбүр болады. Сөйтіп, мемлекеттік сатып алу процедурасына тең қатысу мүмкіндігін босқа жіберіп алады.

Мысал үшін, бір тектес тауарларды, жұмыс­ты, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзе­ге асыруда ұйымдастырушылар оларды лот­қа бөлмейді, тек тауарды жеткізудің мерзімін, орындалған жұмысты, он бес күнтізбелік күннен кем емес қызмет етуін көрсетумен шекте­леді. Заң бұзушылықтың елеулі бір бөлігі көбі­не­се әлеуетті жеткізушілердің сатып алуға қаты­суының өз дәрежесінде қамтылмауынан орын алады. Ұйымдастырушылар көп жағдайда сатып алуға әлеуетті жеткізушілерді алдын-ала рұхсат беру протоколында көрсетілген негіз бойынша қатыстыра бермейді. Бұған мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықта рұқсат етілмеген. Әлеуетті жеткізушілерді түрлі сылтау, себептерге байланысты сатып алудан тыс қалдыру тыйылмай келеді. Мысалы, сатып алудың негізі - тауар бола тұра, мердігерлік ұйым туралы мәліметті ұсынбауы себебінен жеткізушіні кері қайтару жағдайы да орын алған. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі жөніндегі ақпараттың нақты еместігі де осыған әкелген. Сол секілді менеджмент сапасы, қоршаған ортаны басқару менеджменттерінің болмауы шартты бағаларға ғана әсерін тигізетіндігі ескерілмейді.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар мемле­­кеттік сатып алуға белгілі талапқа сәйкес кел­мейтін әлеуетті жеткізушілерді қатысты­ратын фактілер де жиі кездеседі. Бірқатар жағ­дай­ларда өтініштерді қарау кезінде сайлау жолы байқалады. Оның үстіне мемлекеттік сатып алуға ар-ұяты таза емес, сондай-ақ, басқа да шектеулері бар жеткізушілерді қатысуға жіберетін жағдайлар бар.Мұндай заң бұзушылықтың туындау себебі: заңды­лықтың қарапайым нормасын білмеу­шілік болып табылады. Соның нәтиже­сінде арыз-шағымдардың тасқыны молаяды.

Заңдылықты бұзушылықты жоюда біздің инспекция оларды реттеудің түрлі шараларын қарастырады. Бүгінде ҚР қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті өзінің аймақтық бө­лім­шелерінің алдына бюджетті орындау және мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын бұзушы­лықтарды азайту мақсатын қойып отыр.

Осыған байланысты өз қызметтерін заң бұзу­шы­лықты қадағалап қана қоймай, мемле­кеттік сатып алу саласындағы бұзушы­лық­­тардың алдын алу және оларға тосқа­уыл қоюға бағыттайды. Бұл мәселенің маңыз­дылығы даусыз, бұдан бюджеттік қаржыны үнем­деу ғана емес, сонымен қатар мынадай міндетті - кө­леңкелі экономиканы шешу мүмкін­дігі туады.

Комитет электронды коммерциялық орта­лықтың мамандарымен бірлесіп тәуекел бас­қару жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмы­сын бастады, бұл мемлекеттік сатып алуды жүргі­зудің саласындағы бұзушылықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ келі­сімшартты бекітуге дейінгі жұмысты жедел шешу шарасы қарастырылуда. Бұл үшін мем­лекеттік мекемелер арасында өзара қарым-қаты­насты күшейтудің жолдары пысықталып жатыр.

Жаңа заң жобасында заңдылықты бақы­лауды сақтау мәселесі бойынша да кейбір өзгерістер енгізілу үстнде. Мысалы, жоспардан тыс бақылауды жүргізудің бірден-бір негізі - тәуекел басқару жүйелерінен алынған ақпараттар болып табылады. Ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің іс-әрекетіне шағымдану кезінде заң­ды­лықта орын алғанындай, бақылау жүргізу мерзімі 10 жұмыс күні болып белгіленбек. Осы арқылы бақылау жүргізу уақытында мем­лекеттік сатып алудың барлық процедуралары тоқтатылады.

Келісімшарт жасағанға дейінгі ұйымдасты­ру­шы­лардың заңдылықты бұзумен қабылдаған шешім­дері­нен бас тартуы туралы қызметінің заң жобасында айқындалғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ сот органдарынан әлеуетті жеткізушілер арасындағы ар-ұяты төмен қаты­су­шыларды тану туралы шешім қабыл­дау жө­ніндегі қызмет (функция) Қаржы министр­лігіне берілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен орындалып, жеткілікті пысықтаулардан өткен жаңа заң жобасында мемлекеттік сатып алу саласында бүгінгі күні туындап отырған көп­теген проблемаларды шешудің, бюджетті тиімді толдтырудың жан-жақты жолдары қарас­ты­рылған.