Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың ортақ қағидаларын бекітетін халықаралық келісімшарт қабылдануы ықтимал.
Ол құжатта электрондық аукциондар мемлекеттік тапырысты орналастырудың негізгі тәсілі ретінде белгіленетін болады, деп мәлім етті Ресейдің Федеральдық монополияға қарсы қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев.
«Біртұтас экономикалық кеңістікті қамтамасыз етіп отырған көптеген мәселелерге байланысты ең алдымен электрондық аукциондар бойынша, біз басқа елдерден алда келеміз. Мұндай жүйе әлемнің басқа мемлекеттерінде жоқ», - деген сенімде И.Артемьев мырза.