Мемлекеттік сатып алуға қатысты істер саны өсіп отыр - БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат - БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өткен жылы 2627 талапарыз түсіп, соның 2076-сы бойынша өндірісі аяқталған.

Сот төрағасы Самат Жанұзақовтың айтуынша, соның ішінде 1620 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. Өткен жылы мемлекеттік сатып алуға қатысты істер саны өсіп, 2011 жылғы 419-дан 572-ге жеткен. Апелляциялық тәртіппен 363 шешім қаралған. Күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің үлесі 3,6 пайызды құрады.

Сот шешімдері бойынша 414,9 млн. астам теңге өндірілсе, 69,5 млн. теңге мемлекет пайдасына төленді.