Мемлекеттік сатып алулар бойынша бас мердігерлерге қатысты 31 қылмыстық қозғалды
«Сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне жалған кәсіпкерлік пен салық төлеуден жалтару бойынша 563 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша бас мердігерлерге қатысты 31 қылмыстық іс те бар», - деді ол.
Сонымен қатар, оның атап өтуінше, түрлі деңгейде сенімсіз контрагенттермен өзара төлем жүргізген бірқатар салық төлеушінің салық төлеуден жалтаруы мүмкін деген де күдік бар.
Сенімсіз салық төлеушілермен өзара жасалған төлемнің сомасы 270 млрд. теңгеден асып шығылады. Ал болжамды салық көлемі шамамен 75 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы, 8 бағыт бойынша 434 салық төлеуші зерделенген. Олардың қатарында мемлекеттік сатып алулар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша да бар. Бүгінде 111 салық төлеушіге қатысты іс қарастырылуда.
«Бүгінгі күні жүргізілген жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша жалпы сомасы 20,2 млрд. теңге қосымша салықтық есептілік берілді және бюджетке 16,4 млрд. теңге өндіріліп алынды», - деді ол.