«ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың бұйрығымен Абдуллаев Қалилла Насұрлаұлы басқа лауазымға ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», делінген хабарламада .
Қалилла Абдуллаев бұл қызметке 2014 жылы 3 шілдеде ведомство басшысының бұйрығымен тағайындалды.
Қалилла Насыроллаұлы Абдуллаев 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (инженер-экономист) және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (заңгер) бітірген.
1994-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысында қаржы жүйесі мекемелерінде әр түрлі басшылық қызмет атқарды.
2002-2004 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық әкімшілендіру басқармасының бастығы болды.
2004-2005 жылдары Астана қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары; 2005-2008 жылдары Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы; 2008-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары бойынша салық департаментінің бастығы; 2012-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
2014 жылғы 21 мамырдан 3 шілдеге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.