Мемлекеттiк сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесi 40 пайызға жетiп отыр
13:43, 26 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жыл басынан берi мемлекеттiк сатып алулардың жалпы көлемi 963 млрд. теңгенi құраған. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленов мәлiм еттi.
"24 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттiк сатып алулардың көлемi 963 млрд. теңге болды. Шартты түрде 47 млрд. теңге немесе 4,6 пайыз қаржы үнемделдi. Электронды мемлекеттiк сатып алулардың үлесi 60,5 пайызға жеттi. Биылғы жылдың 10 айы бойынша мемлекеттiк сатып алулардағы жергiлiктi тауарлардың үлесi 86 млрд. теңге немесе барлық тауарлардың 40,1 пайызы көлемiнде болып отыр", - дедi вице-министр.