деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік саясат ұлттық мектебі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға қабілетті таңдаулы буын басқарушыларын әзірлеу мақсатында Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған болатын.
ҰМСМ-ға оқуға түсушілер-тілдер бойынша емтихан (ағылшын, қазақ) - тест; «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (саясаттану, экономика, құқық негіздері) мамандығы бойынша ауызша емтихан тапсырады. Емтихандарды жақсы тапсырған тұлғалар мемлекеттік саясат мәселелері бойынша әңгімелесуден өтеді.
Өтініштер 2009 жылдың 1 - 30 шілдесі аралығында қабылданады. Емтихандар мен әңгімелесу 2009 жылдың 1-20 тамызы аралығында өткізіледі. Оқуға қабылдау 2009 жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Қосымша ақпаратты және оқуға түсушілерге арналған бағдарламаны http://www.pa-academy.kz Web-сайтынан немесе 8 (7172) 75 35 48, 32 12 91 телефондары арқылы алуға болады.