Мемлекеттік шекараны бұзушыларды жауапқа тарту

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Тасада аңдып отыратын ұзақ уақыт, одан кейінгі шекара бұзушының ізін қуалап, оны қолға түсіру... Осымен шекарашының барлық міндеті пен тапсырмасы аяқталғандай болып көрінетіндігі сөзсіз. Дегенмен, осыдан кейін шекара бұзушының кінәсін дәлелдеп, жауапкершілікке тарту бойынша тергеушілердің күн-түн қатқан еңбегі басталатындығын біреу білсе, біреу білмейді. Шекара бұзушы жауапкершілікке тартыла ма, әлде әділ жазадан құтылып кете ме - мұның барлығы тергеушілердің сауатты да ұқыпты іс-қимылына тікелей байланысты болып келеді.

Мемлекеттік шекара бұзушылықты (шекара кеңістігінде) үш негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісі, іс-қимылды ұйымдастыру, екіншісі, шекара қызметі және үшіншісі - әрбір құқықбұзушылық бойынша процессуальды шешім қабылдау.

Өткен мерзім ішінде Шекара қызметінің арнаулы құрамалары мен бөлімдерінің тергеу органдары шекара кеңістігінде жасалған әртүрлі істер бойынша 210 қылмыстық іс қозғады. Олардың 96-сы мемлекеттік шекараны қасақана бұзу дерегі бойынша, 59-ы заңсыз есірткі айналымы бойынша, 27-і әдейі жалған құжаттарды қолдану дерегі бойынша, ал қалғандары заңсыз қару сақтау, экономикалық контрабанда, заңсыз көші-қон ұйымдастыру, лауазымды тұлғаға пара беру деректері бойынша қозғалған.

Мұның ішінде, Шекара қызметі тергеу органдары қозғаған қылмыстық істердің 50-нің тергеу жұмыстары аяқталып, сот орындарына жеткізілді, нәтижесінде олар бойынша 39 айыптау үкімдері шығарылды, қазір соттардың қарауында 11 қылмыстық іс жатыр.

39 процессуальды шешімдер бойынша кінәлі адамдар қылмыстық жазаға тартылды. Олардың 7-не жалпы сомасы 2,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атап айтарлығы, 210 қылмыстық істің 22-сі аса ауыр қылмыстар бойынша, 23-і ауыр қылмыстар бойынша қозғалған.

Тергеушілердің құқықтық базасы да жетілдірілу үстінде. Тергеушілер «Қылмыстық заңдылықты жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындауға тікелей қатысты.

Қазіргі уақытта тергеу бөлімшелері қылмысты жан-жақты және объективті тергеуге жұмылдырылып отыр, яғни, сотқа дейінгі сапалы тергеу жұмысы жүргізілер болса, қылмыстық істердің прокурорлар мен сот тарапынан қайта тергеуге келуі де азаятындығы сөзсіз. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.