«Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынады

sp;АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ - Ертең Мәжілістің жалпы отырысында «Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы бойынша ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов баяндама жасайды деп күтілуде. Жұмыс тобындағы талқыға салынуы, енгізілген түзетулері жөнінде Мәжіліс депутаты Аманкелді Момышев баяндап береді.

Айта кету керек, бұл заң жобасы еліміздің мемлекеттік статистика туралы заңнамалық нормаларын қайта құрылымдауды көздейді. Және де осы саланы жүйелендіру мен жетілдіруді және статистика саласын халықаралық принциптерге сәйкес келтіруді, толық және анық ақпарат алу үшін статистикалық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтуді қарастырады.