Мемлекеттік тіл мәселесіне барынша ден қоятын кез келді - Н.Назарбаев
12:31, 18 Қазан 2013
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тіл мәселесіне барынша ден қоятын кез келді. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Елбасы «Нұр Отан» мемлекеттік тілді нығайту, қазақтың дәстүрін, мәдениетін жаңғырту жұмыстарының тиімді жүйесін жасауы тиіс дей келе: "Доктринада мемлекеттік тіл ел бірлігінің факторы ретінде аталғаны да аса маңызды. Бұл мәселеге барынша ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіру болып табылады. Отан дегеніміз отбасындағы өнегелі тәрбиеден басталады. Осыны әрбір азамат есінен шығармауы тиіс», - деп баса айтты.