Бұл байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті мақалалар (бағдарламалар) жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады.
Байқау төрт номинациядан тұрады:
Байқау қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан арнайы сайттарды қамтиды. Аталған республикалық байқауға елорданың атынан қатысушылардың жолданатын мақалалары мен бағдарламалары, сондай-ақ олар (авторлар, журналистер) туралы толық мәлімет ереже талаптарына сәйкес қабылданады. Байқау материалдары жарияланған күйінде (газет-журнал беттерінде, бейне және аудиокассеталар түрінде) Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасына 6 маусымға дейін жолдану керек.
Қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған жүлдегерлердің есімі 2014 жылғы 25 маусымда анықталады. Бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Байқауға ұсынылатын материалдар 2014 жылғы 6 маусымға дейін жолдануы тиіс.