Қазылар алқасының шешіміне сәйкес баспасөз саласында Төреғожа Қайырбай («Арқа ажары»), Сүлеймен Мәмет («Егемен Қазақстан»), Кәмшат Тасболатова («Айқын»), Наталья Жукова («Информбиржа»), Динара Ізтілеу («Ана тілі») және Сәкен Көкенов («Алаш айнасы») үздіктер қатарынан көрінсе, Гүлназ Айтақова («Қазақстан»), Аягөз Патилақызы («Ақтөбе облыстық телеарнасы»), Сәкен Әбдиев («7 арна») және Жанаргүл Досова («РИКА-ТВ») теледидар аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Оңғарбек Құралов («Қазақ радиосы») және Гүлнәз Бисен («Сета» радиосы) үздік радиожурналист деп танылып, журналист Дулат Аманжоловтың сайт материалдары жоғары бағаға ие болды. Конкурс жеңімпаздары арнайы диплом мен 100-200 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған биылғы конкурсқа қазақ және орыс тілдерінде 200-ге жуық материал келіп түсті.