деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Үкіметтің порталында, электрондық жүйедегі Қазақстанның мемлекеттік тілінің өз дәрежесінде қолданылмай жатқандығы алаңдатады. Қазіргі таңда интернет жүйесі бойынша қазақ тіліндегі сайттар бар, мемлекеттік тілде электрондық желіде интернетті пайдалана аламыз делінгенімен, басым жағдайда тілге қатысты кедергілер алдан шығып тұрады. Бұны инетернет арқылы хат алысқанда жиі байқаймыз. Электрондық жүйемен жұмыс істегенімізге де біршама уақыт болып қалғанына қарамастан, бұндай олқылық әлі күнге жойылмай келеді. Біз мемлекеттік тілдегі кедергілерсіз, сапалы интернетті қашан пайдалана аламыз?», деді Н. Өнербай.
Сонымен бірге, депутат сандық жүйедегі телеарналарға қатысты проблеманы айта келе, тәулік бойы қазақ тілінде хабар тарататын арна ашу мәселесіне тағы да тоқталып өтті. «Бұндай ұлттық арнаны қазақ көрермендері қашан тамашалай алады?», деді Н. Өнербай.