Мемлекеттік тілге жауапты органдардың аясын кеңейту керек - А. Айталы

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттік тілге жауапты органдардың аясын кеңейту керек.

Бүгін Үкіметте Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланған отырыста белгілі қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталы осындай пікір білдірді.

«Бағдарламаның екінші бетінде оны іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар аталған. Оның ішінде тек 9 министрлік белгіленген. Басқа министрліктер бұл бағдарламаны іске асыруға жауапты емес пе? Бұл қалай деген сұрақ туады?», -деп тоқталды А. Айталы.

«Бұл мемлекеттік тілге барлық мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, барша сот жүйесі, Президент Әкімшілігі, Конституциялық Кеңес, сондай-ақ басқа да мекемелердің барлығы жауапты. Сондықтан жауапты органдардың аясын кеңейтіп, толығырақ жазу керек»,- деді ғалым.