деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2005-2007 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаның жоспары шамамен 215 мың шаршы метр тұрғын аумаққа орындалған жоқ. Бұл №5 және №6-шы тұрғын үй кешендері. Оның басты себебі - мердігерлердің өз міндеттерін орындамауында», - деп атап өтті ол.
Қала басшысының айтуынша, өткен және үстіміздегі жылы екі кешеннің мердігерлеріне қатысты дау-дамайлар сотта қаралды. 2009 жылдың маусымында сот шешімі шыққаннан кейін, №6-шы нысанның құрылысын аяқтауға жаңа мердігер тартылды. И.Тасмағамбетов үй алдағы 1-1,5 ай көлемінде соңғы әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдалануға берілетініне уәде етті.
Ал №5 кешеннің тапсырылуын сарыла күтіп жүрген азаматтарға өз пәтерлерін тағы 2010 жылдың мамырына дейін тосуға тура келеді. «Бұл кешеннің құрылысын мойнына алған «Астанастройтранс» компаниясы да өз міндеттемелерін орындай алмады. Сот үкімімен компания айыппұл санкцияларын ғана емес, сонымен қатар мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттелді. Қазір нысанда жаңа мердігер жұмыс істеуде», - деді әкім.