Бұл туралы бүгін аталған құжатты талқылауға арналған жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев мәлім етті.
«Бүгінгі таңда Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, халық арасында кеңінен талқыланып жатыр. Біздің негізгі міндетіміз - жастардың тарапынан түскен ұсыныстардың негізінде аталған құжатты толықтырып өңдеу. Жалпы, Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы барлық жерлерде талқыланды. Сондықтан қазір біз алдын ала дайын болып отырмыз», - деп атап көрсетті М.Бегентаев.