Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік әлемдік институттарының қауымдастығының штаб-пәтері Астанада болмақ
16:45, 02 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ІІІ Астаналық экономикалық форум ауқымында «МЖӘ - мемлекет пен бизнестің қарым-қатынастарының жаңашыл әдісі» тақырыбында Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік (МЖӘ) орталықтарының конференциясында Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік әлемдік институттарының қауымдастығн құру туралы қарармақұлданды. Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Конференция жұмысына Еуропа, Америка мен Азияның МЖӘ орталықтарының 30-дан астам өкілдері атсалысты. Олар өз елдеріндегі Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік (МЖӘ) орталықтарының тарихы, жүзеге асырылған, дайындалып жатқан немесе іске қосылған жобалар туралы баяндау арқылы тәжірибе алмасты. Қатысушылар МЖӘ қазақстандық орталығының аталмыш қауымдастығының штаб-пәтерінің Астана қаласында болуына келісім берді.
Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік (МЖӘ) әлемдік институттары қауымдастығының алдына қойған негізгі мақсаты, қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру барысында өзге елдердегі МЖӘ орталықтарымен тәжірибе алмасуға байланысты өзара тиімді байланыстарды дамыту.