"Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы" жаңа заң аясында бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, нақтырақ айтсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алты бұйрығы, 3 қаулысы жəне ҚР Президентінің бір Жарлығы қабылданды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік-жекеменшік əріптестіктің бар керекті əдістемелік жəне заңнамалық базасы, біртұтас институционалды жүйе қалыптасты деген сөз. Ал, елімізде бұл үдерісті жүзеге асыруға "Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы" АҚ бекітілді", - деп хабарлады М.Құсайынов.
Вице-министрдің хабарлауынша, бұл орталық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында үздіксіз сараптама жүргізіп, мемлекеттің инвестициялық жобаларын бағалауы керек.
"Ал, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыта түсу үшін жылына кемінде 5 жобаны жүзеге асыру міндеті жүктелетін индикатор іске қосылады. Бұл Үкіметтің тапсырмасы, сондықтан осы жылы индикаторды жүзеге асыруымыз керек. Сонымен қатар, барлық сала мен барлық ауданда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру үшін арнайы "Жол картасы" əзірленеді. Жол картасы 2016 жылдың наурызына дейін əзірленуі керек", - деп хабарлады вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, "Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы" заңға ҚР Президенті 2015 жылдың 31 қазанында қол қойған.
12:14, 08 Қаңтар 2016
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы əзірленеді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың наурызына дейін Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарының аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру үшін арнайы " Жол картасы" əзірленеді. Бұл туралы бүгін елорда əкімдігінде өткен жиын аясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мəлім етті.