«Бүгінгі таңда сыртқы нарықтарға өнімдерді шығару бойынша отандық кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, қазақстандық тауарлар мен брендтердің таныстырылымы бойынша 30 арнайы шаралар өтті. 9 сауда миссиялары, 20-дан астам елде сатушылар мен сатып алушылар кездесуі жүзеге асты. Отандық 63 экспорттаушының шетелде өткен 50-ден астам көрмелерге қатысуы қамтамасыз етілді. Осындай шаралардың нәтижесінде 372 млн. доллар сомасында экспорттық келісімшарттар жасалды», - дейді Ә. Исекешев.
Министрдің айтуынша, 43 отандық экспорттаушыларға өз өнімдерін экспортқа шығару барысындағы шығындары үшін 141 млн. теңге өтелген. «Осылайша, машина мен қондырғылар, химиялық, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, дәрілік заттар, азық-түліктер, құрылыс материалдары 9 елге 292 млн. доллар шамасында экспортталып отыр. Жалпы алғанда мемлекеттік жүйелі қолдауға өңделген өнім шығаратын 1,5 мың экспорттаушы кәсіпорындар ие болды», - дейді министр.