Мемлекеттің бизнесті қолдайтыны сезіледі - ақтөбелік кәсіпкер

None
АҚТӨБЕ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының нысандары бойынша баспасөз туры барысында ақтөбелік журналистер ысталған қазы шығаратын шағын цех пен пластик терезелері мен ПВХ және алюминийден бұйымдар шығару цехында болды.

«Мемлекеттің бизнесті қолдайтыны сезілуде. Осындай қолдаумен өндірісті одан әрі кеңейтуге болады», - деді «Стартайм» ЖШС директоры Асқар Болатов. 2012 жылы «Іскерлік басйланыстар» жобасы бойынша Германияға машықтануға барғаннан кейін ол өндірісті жаңғырту шешімін қабылдады.

2012 жылы ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы болып, несиеге пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен бірге автоматтандырылған жабдықтар мен пластик терезелерін шығару бойынша цехқа арналған бағасы 30 млн. теңгелік жиынтықтаушыларды сатып алды.

Жаңа жабдықтардың арқасында өндірістің автоматтандырылуына қол жеткізілді, өнім шығару шамамен 6 есе көбейді, өнімнің өзіндік құны азайды, сапа жақсарды.