Бұл туралы бүгін елордада Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде республикалық референдумды өткізу бастамасына арналған митингте «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның бас директоры Ұзақбай Қарабалин айтты.
«Бұл елдің болашағы үшін қажет. Мемлекеттің тұрақты дамуы және қоғамдық келісім мен бейбітшілік саясаты ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Жемісті реформалардың нәтижелері алынған бағыттың дұрыстығын айқындайды. Ұлт көшбасшысының басшылығымен еліміз әлемдік экономикалық дағдарысты нық еңсеріп шықты. Біздер мұнай өндірісінің ғалымдары мен инженерия бағытындағы мамандар болып, Н.Назарбаевтың Президенттігін мемлекеттің келешекте тұрақты дамуы үшін, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін және қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі үшін қажет екендігіне сенімдіміз», - деді ол.
Сондай-ақ институт директоры еліміздің ертеңгі күнге деген сенімі үшін Президенттің жүргізіп келе жатқан саясатының маңына барша қазақстандықтарды топтасуға үндеді. «Барша Қазақстан халқын референдум бастамасын қолдап, көшбасшымыз Н.Назарбаевқа бүкілұлттық қолдау көрсетуге шақырамыз», - деді Ұ.Қарабалин.