Отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланы цифрландырудың барысы мен алдағы жоспары туралы мәлімет берген.
— Сіз айтқан мәселелерді қолдаймын. Цифрландыру арқылы осылай артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту керек. Соның нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барша мемлекеттік органдарға қатысты, - деді Премьер-министр.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге бағытында бірқатар тапсырма берген еді.