Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қызметінен босатылды

Фото: Фото: facebook.com/academyofpublicadministration

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан  босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Ерлан Қуанышұлы бұл қызметке 2019 жылы 21 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған болатын.

1973 жылы 18 қыркүйекте Жезқазған қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

  • Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті, Жезқазған қ. (08.1995-11.1996);
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі, Қарағанды қ. (11.1996-12.1997);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Жезқазған қ. (12.1997-04.1999);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Жезқазған қ. (04.1999-02.2002);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті, Жезқазған қ. (02.2002-05.2002);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Жезқазған қ. (05.2002-02.2006);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры, Жезқазған қ. (02.2006-10.2006);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, Астана қ. (10.2006-09.2012);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (09.2012-07.2013);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (07.2013-11.2016);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институты директорының м.а., Астана қ. (11.2016-01.2017);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының директоры, Астана қ. (01.2017-08.2019);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Нұр-Сұлтан қ. (2019 жылғы 21 тамыздан бастап).

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі бар.

Британдық PRINCE2® жобаларды басқару әдісінің, сондай-ақ жобалар, бағдарламалар және портфолио менеджменті саласындағы ҚР СТ ISO 21500/21503/21504 ұлттық стандартының аккредиттелген тренері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2020).