Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары грант иегерлерінің тізімін ресми ақпарат көздері арқылы біле алады.
Грант конкурсының қорытындысын мына ресми ақпарат көздерінен көруге болады:
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми парақшалары;
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты;
– министрліктің Telegram, Facebook және Instagram желілеріндегі ресми парақшалары.
Айта кетейік, кейінгі бес жылда білім гранттарының саны шамамен 30 мыңға артты.