Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысымен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттары негізінде жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде кезекті республикалық кеңес өткізген болатын.