Мемлекеттік кеңесші жиын барысында сөз сөйлеп, руханият пен мәдениет саласындағы бірқатар мәселеге тоқталды. Сондай-ақ, әдебиеттің ағарту ісіндегі рөліне назар аударды.
— Халық ағарту ісінің және ұрпақ тәрбиесінің ең басты кілті — әдебиет. Шын мәнінде, ұлт сапасын арттыруға адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін шығармалардың ықпалы өте зор, — деді Ерлан Қарин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қарин Мемлекет Жазушылар одағының жұмысына ерекше мән беретінін айтқанын жазған болатынбыз.