- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізетін заң мақұлданды.