Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы өмірден өтті
22:07, 12 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы дүниеден озды. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мәлім етті.
Анар Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.