«Агенттік сыбайлас жемқорлық фактілердің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер үшін тергеу изоляторларында тұрақты түрде экскурсия өткізеді. Оның барысында қатысушыларға тергеу кабинеттері, қылмыскерлерге арналған камералар, тұтқындардың серуендеуге арналған орны көрсетіледі», - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.
Ресми өкіл айтқандай, іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдебін қалыптастыру.
«Түрмеге экскурсия жасау арқылы мемлекеттік қызметшілерге бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезінуге, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау салдарымен танысуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар профилактикалық іс-шара аясында сот отырыстарына еңбек ұжымдары да қатысады», - дейді ол.